Қосшы қаласы бойынша "Балдаурен-Сан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балдәурен" балабақшасы 2024 жыл
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Ақмола облысы Қосшы қаласының "Балдәурен" балабақша "Балдаурен-Сан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін
2024 жылы - 130 қызмет көрсетілді, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы "akmola.kz" - 130, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)
2024 жылы ақпараттық жүйе арқылы - 130 қызмет көрсетілді akmola.kz - 130, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы -0.
2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Қосшы қаласының "Балдәурен" балабақшасы "Балдаурен - Сан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Қосшы қаласы, Қорқыт Ата көшесі 20, "Балдаурен - Сан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балдәурен" балабақшасы Ақмола облысының білім басқармасы, телефон нөмірлері: 8 702 787 07 23, электрондық мекенжайы super.baldauren@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
"Балдәурен"балабақшасының меңгерушісі:
Олжабаева Г.С.