Ақмола облысы Қосшы қаласы "Балдаурен-Сан" ЖШС "Балдәурен" балабақшасы
ТОО "Балдаурен-Сан" детский сад "Балдаурен"

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Развитие ребенка методом постановки театра

“Баланың жеке тұлғасын театр арқылы дамыту” атты шеберлік сағат сәтті өтті! Бұл шараның басты мақсаты – театр өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, олардың өзін-өзі тануына, жан-жақты дамуына және өз ойын еркін әрі сенімді жеткізе білуіне ықпал ету. Семинарға “Балдырған-2013”, “Алтын бесік”, “Балғын”, “Балдәурен”, “Ануар-2008”, “Нұрасыл”, “Еркемай”, “Алтын дән”, “Dara kids”, “Ботақан”, “Bombini club”, “Мирас”, “Бал бала”, “Алтын сақа” балабақшаларының жас мамандары мен меңгерушілер қатысып, тәжірибе алмасып, театрлық әдіс-тәсілдерді меңгерді. Әрі шара барысында келген қонақтар комедия, драма, мюзикл сияқты түрлі жанрларда ертегі көріністерін ойнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Семинардың ерекше сәттерінің бірі – өз балабақшамыздың тәрбиешілері дайындаған “Біздің балабақша ертегісі” атты сахналық қойылым болды. Қойылымда тәрбиешілер шығармашылық шеберліктерін ғана емес, балалардың ертегі әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыратын әдіс-тәсілдерді де көрсетті. Бұл көрініс қатысушылардың үлкен ықыласына бөленіп, шынайы эмоциялар мен рухани әсер сыйлады.

Әрбір қойылымда ұлттық құндылықтар насихатталып, дәстүр мен мәдениетке деген құрмет ерекше көрініс тапты. Театр арқылы ұлттық мұраның маңызын жеткізу – жас ұрпақтың рухани дамуына, патриоттық сезімінің қалыптасуына ықпал ететін басты құралдардың бірі.Осындай шаралар болашақ ұрпақтың рухани және шығармашылық дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.


Текст