Ақмола облысы Қосшы қаласы "Балдаурен-Сан" ЖШС "Балдәурен" балабақшасы
ТОО "Балдаурен-Сан" детский сад "Балдаурен"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аналар мектебі аясында аналармен шеберлік сағаты (шашбау жасау)

13.02.2025

Мақсаты: тобымыздың қыздарын қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымдарымен таныстыру, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру,  байқағыштығын, эстетикалық талғамы мен қол өнер қабілетін,  қиялын, қол ептілігін дамыту. 

Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар. Зергерлер алтын мен күмістен әйелдер әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ әйелдерінің омырау әшекейлеріне тікбұрыш пішінді өңіржиек, доға тәрізді тұмарша немесе бойтұмар жатады. Қыздардың шаш ұшына байланатын әшекейі шолпы деп аталған.

Зергерлер бұдан басқа да шаш салпыншағын – шашбауды, сондай-ақ білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасаған. Соның ішінде бойжеткендердің шашына тағатын шолпы, шашбау бұйымдары ерекше сәнді әрі мағыналы әшекей.

Шашбау бір-біріне сым үзбелер арқылы жалғасатын, ортасына асыл тастардан көз қондырылған теңгелердің тізбегінен тұрады. Шашбаудың ұшы сәнді шашақпен немесе күміс әшекейлермен аяқталады. Шашбау шаш өрімінің түбіне бекітіліп, шаштың ұзана бойына түсіріледі. Шаштың ұшында салбырап тұрған  әшекейлер қыз жүрісіне үн қосып, әсем әуен қосады.

«Сыңғырлаған күлкісіне, сылдырлаған шолпысы үн қосар» деген қанатты сөз бар.

Бүгін бізге шашбау жасау шеберлік сағатын өткізетін Серікжанқызы Сафияның анасы Ұлжан.

Шашбау жасауда аналар түрлі фурнитураларды, тастарды, шынжыр, тістеуікті қолданды. Әр ана өз қызымен бірге бірлесе отырып, өз шашбауларын жасады.

Жұмыс барысында сұлу қыздарымыз аналарына арнап «Әдемі ана» әнін тарту етті.

Қорытынды: Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Аналар мектебі» аясында өткен шеберлік сағаты өз мақсатына жетті. Аналары қыздарымен бірге бірлесе шығармашылық жұмыспен айналысып, бірге уақыт өткізді. Әшекей бұйым түрлерімен, шашбаудың жасалу жолымен танысты.

Просмотров: 2198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст