Текст
Бүгін "Балдаурен" балабақшасында мектепалды топтар арасында “1001 мақал, 101 жұмбақ»атты интеллектуалды викторина өтті.
Шақырылған қазылар алқасы әділ бағаларын беріп шықты.
Қазылар алқасының мүшелері:
1.Қосшы орта мектебінің зейнеткер-ұстазы -Анарбаева Елекен Тукеновна
2. Жеке кәсіпкер, Аналар кеңесінің мүшесі -Құрманбаева Сымбат Бопанқызы
3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ұстазы - Көлпек Айнагүл Көлпекқызы
Сайыста 12 баладан құралған “Сұңқар” командасы мен “ Болашақ” командасы жарысты. Балалар әр кезеңде өздерінің алғырлығын, жеңіске деген құштарлығын көрсете білді👍🏻.
“Болашақ” командасы 70 ұпаймен екінші 🥈 орын алса, “Сұңқар” командасы 74 ұпаймен алға шығып, жеңіске жетті